Сатай Мақсұтұлы Сыздықов 1954 жылы 14 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Тарих ғылымының докторы, профессор.
1995-2005 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Шығыстану факультетінің деканы. 2005 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2009-2012 жылдары Л.Г. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі болды. Қазір Л.Г. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Этносаралық қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясы толеранттылығы Орталығының» директоры.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері көне түркі тайпаларының тарихына және «Алаш» партиясы қайраткерлерінің қызметіне арналған.
Сатай Мақсұтұлы Сыздықов
Последние статьи автора