Сапар Қайратұлы Ахметов

 Сапар Қайратұлы Ахметов 1965 жылы 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс», «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «қаржы және несие», «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы саяси ғылымдар кандидаты ғылыми атағын алды.
Еңбек жолын 1990 жылы тас қалаушысы, құрылыс учаскесінің шебері, «Петропавловсксельстрой» трестінде аға жұмыс өндірушісі ретінде бастады. 1993 жылдың қаңтарынан – 1996 жылдың қарашасы аралығында Ақмола қаласындағы «Ғимарат» өндірістік-сауда фирмасының коммерциялық директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылдың қаңтар айынан Ақмола Арнайы Экономикалық Аймағы әкімшілік кеңесі Ғылыми-техникалық даму, аумақ құрылысы және байланыс бөлімінің 1-дәрежелі маманы болды. 1997 жылғы мамырдан бастап «Ақмола-жылжымайтын мүлік» Капиталдық құрылыс басқармасының техникалық қадағалау инженері болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қаңтар айынан бастап – жетекші маман, бас маман, экономикалық реформалар бөлімінің консультанты, Астана қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі, Туризмді дамыту және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің аппараты Экономикалық сараптау және сыртқы байланыс бөлмінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылғы сәуір айынан бастап –Астана қаласының Сыртқы экономикалық байланыс комитетінің Төрағасы. 2002 жылдың қарашасынан Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары. 2004 жылдың сәуірінен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2007 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың сәуір айынан – 2012 жылдың ақпан айына дейін Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі. 2013 жылдың ақпан айынан бастап – «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2013 жылдың қазанында Астана қаласы мәслихатының бесінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
«Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдарымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста