Самұрат Жұманұлы Имандосов
Самұрат Жұманұлы Имандосов 1948 жылы 20 маусымда Қызылорда облысы Қазалы ауданының Майлыбас ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1967 жылы Қызылорда гидромелиоративтік техникумының мелиорациялық жұмыстарды механикаландыру факультетін техник-механик мамандығы бойынша, 1977 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының гидромелиорация факультетін инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдаған. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (1992 жылдан). 1969 жылдан - Қазалы суландыру жүйелері басқармасының инженер-экономисі, гидротехнигі, бөлім бастығы. 1972 жылдан - ҚазКСР №64 Минералды су шаруашылығының аға прорабы, бас инженері, ЖМК бастығы. 1980 жылдан - №86 ЖМК бастығы. 1992 жылдан - Бас күріш кеңшарлары құрылысы «Қазалысуқұрылысы» тресінің басқарушысы. 1994 жылдан - «Жер-Су» АҚ президенті. 1994-1995 жылдары - Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі. 1996 жылдан - «Жер-Су» АҚ вице-президенті, президенті. 2000 жылдың қыркүйегінен бері - «РЗА» АҚ президенті (Қызылорда облысы Қазалы ауданы). Жоғарғы Кеңес 12-шақырылымының депутаты. Қызылорда облыстық мәслихаты 2-ші (1999), 3-ші (2003), 4-ші (2007) шақырылымдарының депутаты.
«Құрмет белгісі» (1980), «Құрмет» (2001), «Парасат» (2007), «Звeзда Содружества» (2008) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен; халықаралық «Объединенная Европа» (2008) сыйлығымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2009).