Саламат Шаншарұлы Дүйсенғалиев
Саламат Шаншарұлы Дүйсенғалиев 1966 жылы 5 қарашада Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары поселкесінде дүниеге келген. 1991 жылы Волгоград ауыл шаруашылығы институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Оңтүстік Ембі мұнай-бұрғылау экспедициясында құрастырушы қызметінен бастады. 1991-1994 жылдары Индер ауданындағы «Құрылыс» фирмасының жабдықтаушысы, 1994-1999 жылдары «Жылыой-нан» АҚ-ның вице-президенті болды. 1999-2006 жылдарда Жылыой ауданы «Отан ЛТД» ЖШС-ның бас директоры, 2006 жылы Қызылқоға ауданы Тайсоған ауылдық округі әкімінің қызметін атқарушы, 2006, 2007-2009 жылдарда Жылыой ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылы Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2009 жылдың қыркүйегінен - 2010 жылдың қарашасына дейін Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. Бүгінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі.