Сайлау Байзақұлы Байзақов 1937 жылы 12 желтоқсанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында дүниеге келген. 1961 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) тәмамдаған. Экономика ғылымның докторы (1974), профессор (1981), Халықаралық ақпарат (1994) және Халықаралық менеджмент академияларының (1997) академигі.
1961–1964 жылдары ҚазМУ-да кіші ғылыми қызметкер, ассистент. 1964-1975 жылдары Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің Экономика ғылым-зертеу институтындағы есептеу ортасында аға экономист, бөлім меңгерушісі, 1975-1985 жылдары институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары. 1985-1986 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі төрағасының 1-орынбасары. 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің ғылыми-технология және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылым-зертеу институтының директоры. 1993-1994 жылдары «Ұлағат» университетінің проректоры және 1998-2000 жылдары осы университеттің Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры. 1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің экономикалық реформа жөніндегі кеңесшісі. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия бас басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлау институтының ректоры болды. 1999-2002 жылдары – Tacis EDKZ 9602 жобасының жергілікті консультанттардың Басшысы. 2003-2004 жылдары – Климатты өзгертудің үйлестіруші орталығының макроэкономикалық тобының Басшысы. 2004-2008 жылдары – «Экономикалық зерттеулер Институты» АҚ ғылым бойынша Вице-президент. 2008-2010 жылдары - «Экономикалық зерттеулер Институты» АҚ ғылыми басшысы. 2010 жылдан бастап – «Экономикалық зерттеулер Институты» АҚ Орталығының Директоры – Ғылыми басшы. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Сайлау Байзақұлы Байзақов
Последние статьи автора