Сайлау Абылаев 1948 жылы 11 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Баспасөз саласында 40 жылдан астам уақыт бойы еңбек етуде. Еңбек жолын 1966 жылы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Әр жылдарда Чапаев аудандық «Еңбек - Труд», Бөрлі аудандық «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» газеттерінде, «Үркер» тәуелсіз газетінде, Орал облыстық теледидарында бас редактор болып қызмет атқарған. «Астана замандастар көзімен», «Өсу жолдары» кітаптарының, «Астана: қайда, қашан, не?» жол көрсеткішінің, техникалық саладағы сөздіктердің авторы. 2005 жылдың сәуірінен бастап «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС-ның шығарушы редакторы.
Сайлау Абылаев
Последние статьи автора