Сағидолла Құбашұлы Құбашев
Сағидолла Құбашұлы Құбашев 1927 жылы 10 ақпанда Атырау қаласында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткерi. 1949 жылы Алматы мал дəрігерлік институтын бітірген. 1966 жылы Экономика ғылымдарының кандидаты. 1949–1960 жылдары – шаруашылық жұмыстарда. 1960–1963 жəне 1965–1966 жылдары – Атырау облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1963–1964 жылары – Қазақстан КП-сы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1966-1975 жылдары – Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1975-1979 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1979-1988 жылдары – Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы жəне Қазақстан КП орталық комитетінің екінші хатшысы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-10 шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 1988 жылдан одақтық дəрежедегі дербес зейнеткер. 2004 жылдан «Мұнайшы» қоғамдық қоры Қамқорлық Кеңесінің мүшесі. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 11 шақырылымы депутаты болып сайланған. “Ленин”, “Октябрь Революциясы”, төрт мəрте “Еңбек Қызыл Ту”, “Халықтар Достығы” ордендерімен жəне көптеген медалдармен марапатталған.