Сәдуақасов Мұқан Әбдірауқұлы 1964 жылы 2 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1980 жылы ҚазССР Орман шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемеде монтажшы болып бастады. Газ саласында үлкен тәжірибесі бар. 1989-1999 жылдары «Казгазстроймонтаж» ҚМБ прораб. 1999-2001 жылдары «Алматыинтергаз» ЖАҚ АБС бас инженер. 2001-2004 жылдары «Алматы газ жүйелері» ЖШС авариялық қалпына келтіру қызметінің бастығы. 2004-2005 жылдары «ҚазТрансГазДистрибьюшн» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы. 2005-2010 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры. 2010 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
Сәдуақасов Мұқан Әбдірауқұлы
Последние статьи автора