Сабыр Шеркешбайұлы Адай

Сабыр Шеркешбайұлы Адай 1960 жылы 30 қыркүйекте Қарақалпақстанның Шоманай ауданында дүниеге келген. Алматы эстрадацирк өнері студиясының күй класын және Орал педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Ақын. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).
1981-1984 жылдары Бейнеу аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі. 1984-1990 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры. 1991-1996 жылдары аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1997-1999 жылдары Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы жанындағы ғылыми-әдістемелік орталықта шығарма бөлімінің бастығы. 1999-2002 жылдары облыс мәдениет бөлімі басқармасы бастығының орынбасары, республика «Үш қиян» газетінде қызмет атқарды.
2003 – 2006 жылдары өткен республиканың ақындар айтысының жеңімпазы. Ақтауда Қашаған ақынның, Ақтөбеде Есет батырдың, Әбубәкір Кердерінің, Байғанинде Асау-Барақтың, Оралда Сырым батырдың, Шымкентте Үш бидің (Ордабасы), Көкшетауда Абылай ханның тойларында және Орта Азия – Қазақстан ақындарының айтысында жүлделі орындарға ие болған.
««Таңғы нөсер», «Кетемін көкке жұлдыз боп», «Жұмбақ түннің жылуы», «Әр қазақ – менің жалғызым» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты (1987). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (2003). Қазақстанның соңғы 200 жылдағы таңдаулы елу ақыны шығармаларының алтын қорына енгізілді (2001). Халықаралық ЮНЕСКО-ның аясында өткен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы қарсаңындағы әдеби шығармашылық байқаудың жүлдегері (2003). Поэзия номинациясы бойынша (Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты). Президент сыйлығының иегері (2006). Бейнеу ауданының (2005) және Маңғыстау ауданының (2007) құрметті азаматы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста