Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков
Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков 1964 жылы 27 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, РҒА Шығыстану институтының Жапондық зерттеулер орталығының аспирантурасын бітірген. 1995-2000 жылдары - Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі, бірінші хатшысы. 2000-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, жобалаларды басқару департаментінің директоры. 2001-2002 жылдары - «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ жаңа жобалар департаментінің директоры. 2002-2003 жылдары - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының даму жөніндегі орынбасары. 2003-2006 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тасымал инфрақұрылымы және сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры. 2006-2007 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың тасымалдау жөніндегі орынбасары. 2007-2008 жылдары - «VISOR Holding» компаниясының мұнай-газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры. 2008-2011 жылдары - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ атқарушы директоры, инвестициялық жобалар департаментінің директоры. 2011-2012 жылғы наурыз - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры. 2012 жылғы наурыздан - Қазақстанның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті.