Сәбит Айтмұханұлы Досанов

Сәбит Айтмұханұлы Досанов

Сәбит Айтмұханұлы Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған.
1985-1989 жылдары КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1991-1995 жылдары Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының Бас директоры, 1996-1997 жылдары мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы болып істеді. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарған. Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар. 1998 жылы мемлекеттік «Санат» баспасынан қазақ тілінде, ал 2003 жылы Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «Жиырмасыншы ғасыр» романы жарық көрді. 2002 жылы «Советский писатель» баспасынан таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарыққа шықты. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек қалалары сахналарында қойылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Қырғызстан Республикасының «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері. 2012 жылы желтоқсанда ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Шығармалары: Қайырлы таң. Очерктер мен әңгімелер жинағы. «Қазақстан»,1966; Соны іздер. Монография. А., «Жазушы», 1970; Қыран қалғымайды. Повестер жинағы. А., «Жазушы», 1971; Тау жолы. Роман. А., «Жазушы», 1978; Екінші өмір. Роман. А., «Жазушы», 1981; Қазына. Монография. А., «Жазушы», 1984; Жүректің отын сөндірме. Монография. А., «Өнер», 1998; Горная дорога. Роман. М., «Советский писатель», 1981; Адаспаңдар, адамдар. Деректі проза. А., «Дәуір», 1999; Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат», 1998; Белая аруана. Повесть. «Стилистика», 1998; Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат». 1998; Вторая жизнь. Роман, повесть. М., «Советкий писатель», 2001; Аптаның сегізінші күні. Роман, повесть, пьеса. А., «Елорда», 2003; Двадцатый век. Роман. М., «Советский писатель», 2003; Қылбұрау. Роман. А., «Атамұра», 2003;

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста