Рзақұл Сәденұлы Нұртаев 1960 жылы 17 қаңтарда Қызылорда облысы Қармақшы ауданының В.И. Ленин атындағы кеңшарында туған. В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының «Пайдалы қазбалар тау-кен орындарын жер астында игерудің технологиясы және кешенді механизациясы» факультетін (1982) тау-кен инженері мамандығы бойынша; ММЭСИИ қашықтықтан оқыту институтын (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылдан - «Қазақжарылысөнеркәсіп» тресі Алматы Құрылыс басқармасының жер асты жұмыстарының үңгушісі. 1984 жылдан - Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы №05909 ә/б диспетчер бөлімінің инженері. 1986 жылдан - «Маманмашмонтаж» арнайы жөндеу-монтаж бірлестігінің инженері (Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы). 1987 жылдан -10992 ә/б жұмыстарды өндірушісі. (Байқоңыр қаласы). 1990 жылдың қаңтарынан - «Қазжылуизоляция» тресі Ленин шаруашылық есеп учаскесінің бастығы (Байқоңыр қаласы). 1990 жылдың желтоқсанынан - «Қазжылумонтаж» Ленин арендалық кәсіпорнының бастығы (Байқоңыр қаласы). 1993 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам ауылдық әкімшілігінің басшысы. 1997 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Төретам кентінің әкімі. 2001 жылдан - «Инфракос» РМК бас директоры (Байқоңыр қаласы). 2004 жылдан - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі. 2007 жылдан - Қызылорда облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы. 2008 жылдан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 2010 жылдың ақпанынан бері - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2012 жылдың наурыз айынан бері - Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары.