Роза Әшірбекова 1938 жылы 15 сәуірде Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Қазақ академиялық драма театры жанындағы студияны бітірген. 1960 жылдан Қазақ балалар және жасөспірімдер театрында қызмет атқарады. Осы театр сахнасында сомдаған Ләззат (Т.Ахтанов «Махаббат мұңы»), Мәншүк (Ә.Тәжібаев «Монологтар»), Хадиша, Сейде (Ш.Айтматов «Арманым Әселім», «Бетпе-бет»), Шафақ (М.Кәрім «Ай тұтылған түн»), Гертруда (У.Шекспир «Гамлет»), Гиацинта (Мольер «Скапеннің айласы»), Иветта (Б.Брехт «Әйдік апай»), Аркадина (А.Чехов «Шағала»), Клеопатра Львовна (А.Островский «Адам аласы ішінде») секілді рөлдері оның шеберлігін танытты. 1980 жылдан «Ұлдың оралуы», «Майдан күндері» телефильмдеріне түскен.
«Құрмет» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Роза Әшірбекова
Последние статьи автора