Роза Әбутәліпқызы Нұртазина
Роза Әбутәліпқызы Нұртазина 1958 жылы 27 наурызда дүниеге келген. Саясаттану ғылымының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының меңгерушісі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Философия және саясаттану институтын бітірген. 1980-1981 жылдары - Семей облысында Жамбыл атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1981-1983 жылдары - «Қазақ университеті» газетінің жауапты хатшысы. 1983-1994 жылдары - С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың ғылыми-зерттеу институтының патент бөлімінің бас маманы, журналистика факультетінің кеңестік баспасөздің теориясы мен практикасы кафедрасының аға лаборанты, халықаралық журналистика және мерзімді баспасөз кафедраларының аға оқытушысы. 1992-1995 жылдары - «Мәдениет» республикалық газетінің редакторы. 1994-1995 жылдары - ЮНЕСКО-ның «Журналистское образование в Центральной Азии» журналы редакторының орынбасары және жауапты хатшысы. 1998-2004 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері. 2002-2005 жылдары - ҚР БҒМ Ғылым академиясының Философия және саясаттану институты сырттан оқу бөлімінің докторанты.