Рахмет Желдібайұлы Мұқашев 1956 жылы 20 маусымда Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Киров селосында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін бітірген, Мәскеудегі КСРО Ішкі істер министрлігі Академиясын басқарудың мәселелерін зерттеу ғылыми Орталығының адъютанты. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР МТК-нің құрметті қызметкері. Полковник.
1982-1986 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебінің аға оқытушысы. 1986-1988 жылдары - Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомының әкімшілік органдар бөлімінің нұсқаушысы. 1988-1992 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебінің кафедра меңгерушісі. 1990 - 1994 жылдары - Қазақстан Республикасының ХІІ сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің заңнама, заңдылық және құқықтық тәртіп комитеті төрағасының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасының ХІІІ сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құқықтық реформа, заңдылық және құқықтық тәртіп комитеті төрағасының орынбасары. 1995 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және сот реформалары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті ұйымдастыру-кадр департаментінің бастығы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кеңесшісі. 1999 жылы - Қазақстан Азаматтық партиясының сайлау науқаны штабының жетекшісі. 1999 – 2004 жылдары - ІІ сайланған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің мүшесі, Қазақстан Азаматтық партиясының ҚР Парламенттіндегі фракциясының жетекшісі. 2004 -2005 жылдары - Қазақстан Азаматтық партиясының ОК хатшысы. 2005 – 2006 жылдары - ҚР Әділет министрінің бірінші орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы. 2007-2011 жылдары – IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы жетекшісінің орынбасары, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. 2012 жылдың қаңтар айынан V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.
«Құрмет» (2001 ж.), «Парасат» (2010 ж.) ордендерімен марапатталған.
Рахмет Желдібайұлы Мұқашев
Последние статьи автора