Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева 1978 жылы 3 қазанда Торғай облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999-2007 жылдары «КТК» АҚ-ның саяси шолушысы, «Қазақстан - Астана» ТРО ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, орыс редакциясының бас редакторы болды. 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. 2008-2012 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі. 2012 жылғы қазан айынан ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы. 2014 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қорғаныс министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департаментінің бастығы.
Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева
Последние статьи автора