Рауан Михаилұлы Шаекин 1962 жылы 12 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық қызмет академиясын тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.
1979 – 1987 жылдар аралығында ішкі істер органдарында қызмет атқарды. 1989 – 1994 жылдар аралығында адвокаттық қызметпен айналысты. 1994 – 1999 жылдар аралығында бірқатар коммерциялық құрылымдарды басқарды. 1999 - 2004 жылдар екінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. 2004 - 2007 жылдар үшінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2007 - 2011 жылдар төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. «Нұр Отан» ХДП жанындағы Мемлекеттік қызметтердің және рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін бақылау және мониторинг жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы.
«Құрмет», «Содружество» ордендерімен, «Шапағат», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасыныѕ Тјуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Рауан Михаилұлы Шаекин
Последние статьи автора