Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова 1968 жылы 31 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы қаласындағы медицина институтының «Емдеу ісі», 1999 жылы «Қайнар» университеті Оңтүстік Қазақстан филиалының «Құқықтану» және 2004 жылы Қазақ-өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің «Педагогика және психология» мамандықтарын бітірген. 1999 жылы медицина ғылымдарының кандидаты, 2002 жылдан Қазақстан халықтар Достығы университетінің профессоры, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі. 9 монографиясы, 62 мақаласы, 16 әдістемелік-нұсқаулық кітаптары жарық көрген, 4 жаңалықтың, 2 патенттің авторы. 2005 жылдан бастап Қазақстан халықтар Достығы университетінің ректоры. Ұлттық ғылыми медициналық оралық жанындағы диссертациялық кеңес мүшесі, Білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ОҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.
Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова
Последние статьи автора