Қозыбақ Әбуұлы Құлбарақов

Қозыбақ Әбуұлы Құлбарақов 1960 жылы 23 маусымда Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл кентінде дүниеге келген. 1981 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының экономикалық-есеп факультетін «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітіріп, 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты (1989). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Агроөнеркәсіп кешенінің қызылша-қант кешендігіне бөлінген күрделі қаржыны пайдалану есебі және талдауы». Доцент (1993 жылдан). Журналдар мен газеттерде жарияланған «ҚР тәуелсіздігінің 10 жылындағы Ұлттық банк Атырау бөлімшесінің қызметі туралы» (2001), «Бөлімше өміріндегі елеулі оқиға» (2004), «Облыстық банк секторының кейбір даму аспектілері туралы» (2004), «ҚР тәуелсіздігінің 15 жылындағы Атырау облысы банк мекемелерінің даму керсеткіштері» (2006), «Аймақ экономикасын тиімді дамытудағы банктердің рөлі» (2007), «Қысқа мерзімде жойылу тұйықтары жағдайындағы банк секторын дамытудың кейбір аспектілері» (2007), «Ұлттық банк бөлімшелері: ақша-несие саясатын жүргізу жолындағы 15 жыл» (2008); «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы - мемлекеттің өркендеу кепілі» (2008), «Қазақстан банктері ғасырлар тоғысында» (2008), «Қаржы жүйесінің тұрақтылығы - мемлекет гүлденуінің кепілі» (2008); «Несиелеуді екі еселеуден - ішкі жалпы өнімнің екі еселенуіне» (2005), «Банктер- қоғам дамуының тұтқасы» (2005) мақалаларының авторы.
1981 жылдан - Гурьев ет комбинатының есепшісі. 1982 жылдан - Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының «Шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі мен талдауы» кафедрасының ассистенті, зерттеуші-тәжірибеші. 1989 жылдың наурызынан - Алматы халық шаруашылығы институтының аспиранты; Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының ассистенті, «Тұрмыстық-коммуналдық қызмет көрсетудің есебі мен талдауы» кафедрасының доценті. 1993 жылдың ақпанынан - Атырау облыстық әкімшілігі халық шаруашылығын жедел басқару департаментінің бас маманы. 1993 жылдың маусымынан - «Әлем банк Қазақстан» ЖАҚ бөлімшесі облыстық басқармасының бас есепшісінің орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 1996 жылдың қаңтарынан - Атырау облысы әкімінің көмекшісі. 1996 жылдың тамызынан - «Республикалық бюджеттік банк» ММ облыстық басқармасының (бөлімшесінің) бастығы. 1998 жылдың наурызынан - банктік операциялар қазынашылығы облыстық басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдың тамызынан - БҰҰ даму бағдарламасы атсалысатын Атырау облысы Тұрақты даму орталығының директоры. 1999 жылдан - Атырау облыстық экономика басқармасының бастығы. 2001 жылдан бері - «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» МБ Атырау бөлімшесінің директоры.
Атырау облысы энциклопедиясы (2000), облыстың банк мекемелерінің 1993-2008 жылдары анықтамалығы (2008) редакциялық алқасының мүшесі. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста