Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов 1953 жылы 21 қыркүйекте Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Томск инженерлік-құрылыс институтын тәмамдаған. Инженер-құрылысшы. Еңбек жолын Қызылорда облысының құрылыс ұйымдарында бастап, бетон құюшы, инженер, құрылыс учаскесінің бастығы, жылжымалы механикаландарылған колонна бастығы болды. 1989 жылдан - Қызылора облысы Жалағаш ауданы М.Калинин атындағы кеңшар директоры. 1994 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі қаржы және бюджет комитетінің халық шаруашылығы бюджетін жұмсау кіші комиитетінің мүшесі, төрағасы. 1995 жыл «Арна» АҚ №17 ЖМК бастығының міндетін атқарушы, бастығы. 1996 жылдан -Қызылорда облысы әкімдігінің құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды салу басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі. 1999 жылдан Қызылорда қаласының әкімі. 2005 жылдан «Асар-Холдинг ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры болып қызмет атқарған. 2008 жылғы қазаннан бастап Қызылорда облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, үш медальмен марапатталған. Республиканың еңбек сіңірген құрылысшысы.
Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов
Последние статьи автора