Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев

 Қожахан Көкірекбайұлы Жабағиев 1960 жылы 29 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданы Чкалов атындағы колхозда дүниеге келген. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қырғыз мемлекеттік университетін, Рессей Басқару Академиясын бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Университетті бітіргеннен кейін Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар совхозының экономисі, бас экономисі болып жұмыс істеген.
1984-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шу аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары - СОКП ОК-нің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының, Ресей басқару Академиясының аспиранты. 1993-1998 жылдары – «АД и К» ШК-ның коммерциялық директоры, Жамбыл құс фабрикасының директоры, «Әулие ата құсы» АҚ-ның бас директоры. 1998-2002 жылдары – Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфоқұрылым бөлімінің меңгерушісі. 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының Мемлекеттік инспекторы. 2005-2008 жылдары – Алматы қалалық жер басқармасының бастығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының іс басқарушысы. 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Транспорт және коммуникация министрінің кеңесшісі. 2009-2010 жылдары - «Фирма Казинтерсервис» ЖШС-нің президенті. 2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі. 2012 жылдың қаңтарынан бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Ерен еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен мараптталған. Қазақстан Республикасы Президенті Алғысының иегері және «Жамбыл облысы Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста