Қажымұқан Тоқтиярұлы Арынов
Қажымұқан Тоқтиярұлы Арынов 1956 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және Алматы экономикалық университетін тәмамдаған. Техника ғылымының докторы, профессор.
Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1996-1997 жылдары - «Алматыэкологияқұрылыс» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1999-2000 жылдары - Сүлейман Демирель атындағы Түрік университетінің профессоры. 2000-2001 жылдары - Қызылорда облысы әкімі Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры. 2001-2003 жылдары - Қызылорда облысы Аймақтық дамыту және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бастығы. 2003 жылы - «Казглавселезащита» мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы президенті. 2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Экологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС-інің директоры. 2007 жылдың сәуірінен Әбікен Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры болған. 2010 жылдан бастап «Aspan-Tau LTD» ЖШС-ның директоры. 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы.