Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Бейжің Тіл институтында бір жылдық лингистикалық институтта тағлымдамадан өтті.
Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген. 1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур Республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды. 1992 жылы наурызда - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары.
1994 жылы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі. 1999 жылы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер Министрі. 1999 жылдың қазан айынан 2002 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 2002 жылғы қаңтардан 2003 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер Министрі. 2003 жылы маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2007 жылдың қаңтар айынан - Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты. 2007 жылы қаңтарда Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды. 2011 жылғы 12 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметіне тағайындағаны туралы шешімін жариялады. Атқаратын қызметіне сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі Женевадағы бас хатшысы болды. Ол БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметіне тағайындалған Азиядан шыққан алғашқы өкіл болды. 2013 жылы 16 қазанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.
Дипломатиялық дәрежесі - Төтенше және Өкілетті Елші. Тоқаев тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының бағыты мен жүзеге асырылуына тікелей қатысты.
«Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста