Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген, заңгер.
2000 жылдан - Қазақ мемлекеттік заң академиясы Қызылорда филиалының дәріскері. 2001 жылдың тамызынан - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы. 2001 жылдың желтоқсанынан - Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы. 2003 жылдан - бас инспекторы, бөлім меңгерушісі. 2005 жылдан - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 2007 жылдың мамырынан - «Kazakh Integrated Services» ЖШС заңгері (Астана қ.). 2007 жылдың қазанынан - «CNRG Capital» ЖШС Өкілдігінің заңгері (Астана қ.). 2008 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің аппарат жетекшісінің орынбасары. 2010 жылдан бері - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.