Қанат Мұратұлы Құлжанов
Қанат Мұратұлы Құлжанов 1961 жылы 2 ақпанда Ақмола облысы Целиноград ауданында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті), Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.
1981-1983 жылдары - Целиноград ауданы Воздвиженка орта мектебінің, Новоишимка орта мектебінің ауылшаруашылық машиналарын оқыту жөніндегі шебері. 1983-1988 жылдары - Ақмола облысы Теңіз ауданы Талдысай орта мектебінің еңбек пәнінің оқытушысы. 1988-1996 жылдары - Целиноград қаласындағы (Астана) «Рембыттехника» кәсіпорнының инженері, экономисі, директордың коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1996-1998 жылдары - Ақмола облысы Ақмола қаласындағы (Астана) «Алғабас-2» ЖШС директорының коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1998-1999 жылдары - «Алмас» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Астана қаласындағы Ақмола облысы бойынша Көлік бақылау басқармасының жетекші маманы, бас маманы. 1999-2007 жылдары - Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы бойынша Көлік бақылау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2007 жылдың сәуірінен - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары бойынша Көлік бақылау басқармасының бастығы.