Қалмұқан Исабаев

Қалмұқан Исабаев

Қалмұқан Исабаев 1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысындағы Баянауылда дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында 10 сынып партасынан Совет Армиясы қатарына шақырылады да, одан 1954 жылдың күзінде запасқа шығады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1954–1955 оқу жылында Алматы қаласының кешкі жастар мектебінде 10 сыныпты бітірісімен, Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетіне сырттай түсіп, оны 1961 жылы бітіріп шығады және осы уақытта «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып істеген.
«Баян» атты әңгімесі 1954 жылы «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналына жарияланған. Ертіс – Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы болашақ су жолы жүретін жерлермен 500 километр жаяу сапар шегіп, нәтижесінде «Арман арнасымен» атты күнделік кітабы жарық көрді. Он екі жыл бойы құрылыстың басы-қасында болып, «По руслу мечты», «Подвиг в степи», «На стыке судеб», «Сұңқар самғауы» атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер мен мақалалар жазды. 1992 жылы Павлодар облысындағы Ермак қаласына қойылған басқыншы атаманның ескерткішін алуға, қала атын Ақсу деп өзгертуге атсалысты.
Драматургия саласында «Десант» атты комедиясы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің 1984 жылғы конкурсында жүлдеге ие болған. 1979–1980 жылдары Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәрмәр тасқа қашатып, Гетенің ГДР-дегі Габелбах музейіне қойған және осы сөзге жазылған Абай әнінің магнитофон таспасын тапсырған. ГДР газеттері Тюрингияда шырқалған Абай әнін жыл сайын 60 мыңдай адамның тыңдайтынын жазды. Жазушының бастамасымен 2000 жылы Берлиннің бір көшесіне Абай аты берілді.
Қызыл Жұлдыз (1945), Еңбек Қызыл Ту (1975), «Құрмет» ордендерімен, ГДР-дің Герман–Совет достығы қоғамының алтын белгісімен (1983) және көптеген медальдармен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Шығармалары: Баян. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ажал құрсауында. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1961; Жұмбақ үй. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1962; Арман арнасымен. Күнделік. А., ҚМКӘБ, 1962; Бетпебет. Роман. А., ҚМКӘБ, 1963; По руслу мечты. Очерк. А., «Казахстан»; Қарабала. Повесть. «Жазушы», 1965; Подвиг в степи. Очерк. А., «Казахстан», 1966; Сұңқар самғауы. Роман.»Жазушы», 1966; Айқыз. Роман. А., «Жазушы», 1967; Соңғы тәулік. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1960; Соңғы ерлік. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Өткелде. Роман. А., «Жазушы», 1972; Жолдас комендант. Роман. А., «Жазушы», 1982; Арна. Роман. А., «Жазушы», 1984; Соңғы тәсіл. Жинақ. «Жазушы», 1997; Зарок, Айқыз. Романдар. М., «Худ.Лит.», 1989; Бақытты сәттер. Естелік.»Жалын», 1989; Шоң би. Роман.»Жазушы», 1993; Чайки в степи. Повесть. (Экологиялық толғау.) «Қазақстан», 1994; Қажыға барған қазақтар. Зерттеу. «Ана тілі», 1996; Комендант. Роман. «Жазушы», 1998; Қаныш аға осындай еді. Зерттеу. «Өлке», 1999; Жанашыр жазбалары. Зерттеу. «Аударма», 2002; Мұндайлар болған. Жинақ. «Елорда», 2003; Шоң би. Трилогия. Астана. «Елорда», 2005; Алғы шепте. Жинақ. А., «Санат», 2005; Шеншекпен алған қазақтар. Очерк. 2007.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста