Қалдан Төлеуұлы Төлеуов 1940 жылы 24 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Пермь медициналық институтын, Алматы мемлекеттік медицина институтының хирургиялық стоматология кафедрасының клиникалық ординатурасын, Мәскеудегі Ленин Орденді орталық дәрігерлер білім жетілдіру институтының «Жақ-бет және пластикалық хирургия» кафедрасының аспирантурасын бітірген. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық психология ұжымының академигі, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің хирургиялық стоматология кафедрасының профессоры, докторлық, кандидаттық қорғайтын арнайы кеңес төрағасының орынбасары, апробациялық кеңестің төрағасы.
Алматы мемлекеттік медицина институтының хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті, доцент, стоматология факультеті деканының орынбасары, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің хирургиялық стоматологиялық пропедевтика кафедрасының меңгерушісі, Республикалық стоматологиялық емхананың бас дәрігері қызметтерін атқарған.
100-ден аса ғылыми еңбектердің, 20-дан астам авторлық куәліктердің, стоматологиялық факультет студенттеріне арналған оқулық пен монографияның авторы.
Қалдан Төлеуұлы Төлеуов
Последние статьи автора