Қайсар Оспанұлы Омаров

 Қайсар Оспанұлы Омаров 1946 жылы 3 желтоқсанда Ақмола қаласында туған. 1966 жылы Целиноград автокөлік жолдары техникумын техник-механик мамандығы бойынша; 1979 жылы Целиноград инженелік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан).
1966 жылдан - Целиноград облысы Вишневка кенті №166/5 ЕЦ мекемесінің механигі. 1966-1968 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1969 жылдан - «Қазақсельмаш» зауыты (Целиноград қаласы) күрделі құрылыс бөлімінің инженері, 1970 жылдан - салынып жатқан цехының бастығы, 1973 жылдан - бастықтың орынбасары, бас инженері, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. 1978 жылдан - Целиноград эрозияға қарсы техника бірлестігі күрделі құрылыс бөлімінің бастығы. 1980 жылдан - Целиноград қаласының КОКП Ленин қалалық аудандық комитеті өнеркәсіптік-көлік бөлімінің нұсқаушысы. 1981 жылдан - «Целиноградсельмаш» зауыты партия комитетінің хатшысы. 1983 жылдан - «Целиноградсельмаш» ӨБ бас директорының орынбасары. 1983 жылдан - Қазақстан Компартиясы Целиноград қалалық комитетінің екінші хатшысы. 1985 жылдан - Целиноград қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1992 жылдан - Ақмола облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1995 жылдан - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1998 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ТМД елдерімен байланыс бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 1999 жылдан - ҚР Премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы. 2008-2014 жылдары - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшесі болды.
Ленин ауданының, Целиноград қаласының, Ақмола облысының Халық депутаттары кеңестерінің, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ҚР халық депутаты болып сайланған (1980-1993).
«Құрмет белгісі» (1986), «Құрмет» (2003) ордендерімен; 6 медальмен, соның ішінде «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста