Қайрат Ермекұлы Омаров 1963 жылы 12 қаңтарда Өзбекстанда дүниеге келген. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінде еңбек өтілінен өткен. Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, этнография және археология институтының ғылыми қызметкері болған. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма бойынша Бас редакциялық алқасында ағылшын тіліне аудармалардың бас редакторы. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы, Еуропа және Америка бөлімінің меңгерушісі. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басқарма бастығы, Еуропа департаменті директорының орынбасары. 1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-елшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі Елшісі болған. 2004 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2004-2008 жылдары ҚР-ның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2008-2009 жылдары ҚР-ның Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы. 2009-2013 - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2013 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.
Қайрат Ермекұлы Омаров
Последние статьи автора