Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров
Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы 21 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Жезқазған университетін тәмамдаған. Жезқазған облыстық әкімшілігінде қызмет істеген. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы. 2001-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімінің бас сарапшысы. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Қаржы-экономикалық сараптама және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры. 2006-2010 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ атқарушы директоры - президент аппаратының жетекшісі, бас әкімшілік директоры. 2010 жылғы наурыздан - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі. 2013 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
Екі медальмен марапатталған.