Қайрат Бақбергенов
Қайрат Бақбергенов 1953 жылы 1 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Мәскеудегі Жазушылар одағының М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді. «Қазақстан», «Жазушы» баспаларында редактор, «Қазақфильм» киностудиясының мультипликация бөлімінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының орыс бөлімінің меңгерушісі, «Простор» және «Жұлдыз» журналдарының компьютерлік орталығының жетекшісі, 2002–2009 жж. ҚР бірінші Президенті қорының Халықаралық Экономика және саясат институты мен ҚР Президентінің Стратегиялық зерттеулер институтының баспа бөлімінің бас маманы болды. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ алғашқы өлеңдері газет-журналдарда шыққан. «Пойманный ветер», «Возвращение», «Веретелка», «Отраженные пространства» кітаптары жарық көрген. М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Мырза Әли, Г.Авутовалардың шығармаларын орыс тіліне аударып, «Смена», «Дружба народов», «Аманат», Простор», «Дом Ростовых» журналдарында шығарған. О.Хофманның «Господин Тау и 1000 чудес» (чех тілінен), Ю.Хэжкидің «Поэзия малой каморкой», Вл.Ильичтің «СПИД: 100 вопросов – 100 ответов» (серб тілінен) кітаптарын аударған. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірқатарын серб және неміс тілдеріне аударып, шығарған. «Приглашение к игре», «Сезон бабочек», «Слепой», «То, чего не было», «Садовник и роза», «Муха», «Случай на улице N.» «Чей год лучше?», «Шел по дорожке воробей» анимациялық фильмдері сценарийлерінің авторы. Шығармалары француз, неміс, серб, қазақ тілдеріне аударылған.