Охлопкова Татьяна Витальевна
Охлопкова Татьяна Витальевна 1950 жылы 26 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Славянка ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген. 1969-1979 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ақтау қаласындағы қалалық комитетінде, 1979-1982 жылдары «Қызыл ту» өндірістік бірлестігінде инженері, Әуезов аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы болып жұмыс істеген. 1982-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Әуезов аудандық комитетінің нұсқаушысы, Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жалпы бөлімінің нұсқаушысы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Істері Басқармасының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің хаттар және азаматтарды қабылдау секторының меңгерушісі. 1995-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарған. Елбасының 2010 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып жаңа бес жылдық мерзімге тағайындалған.