Оразбек Бахрадинұлы Бегалиев
Оразбек Бахрадинұлы Бегалиев 1961 жылы 28 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қазақ химия-технология институтының құрылыс бұйымдары және конструкциялары факультетін бітірген, инженер-құрылысшы-технолог. 1984 жылдан - Қызылорда үй құрылысы комбинатында бетоншы, шебер, ауысым бастығы. 1985 жылдан - Қазақстан ЛКЖО қалалық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімінің сектор меңгерушісі. 1989-1991 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қызылорда облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, іс басқарушысы. 1992-1994 жылдары - «Қызылорда Интер ВКС» директорының орынбасары. 1994 жылдан - «Дәурен» НП директорының орынбасары. 1997 жылдан - «Азық-түлік корпорациясы» ЖАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманы. 2001 жылдан бастап «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС бас директорының орынбасары. «КСРО Қарулы Күштеріне 80 жыл» мерекелік медалімен, БЛКЖО ОК, «Нұр Отан» ХДП грамоталарымен марапатталған.