Орал Ақшолақұлы Ақшолақов
Орал Ақшолақұлы Ақшолақов 1936 жылы 16 маусымда Гурьев қаласында дүниеге келген. И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын тәмамдаған. Геолог, геология-минерология ғылымдарының кандидаты, ҚР жер қойнауын барлау ісінің үздігі, ҚР жер қойнауының құрметті барлаушысы.
1958 жылдан бастап еңбек жолын мұнай және геология мекемелерінде бастаған. 1985 жылдан Батыс Қазақстан ұңғыларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы. 1988 жылдан Алматы геофизика экспедициясының бас геологы, партия бастығы, «Қазгеофизика» ӨГБ геология бөлімінің бастығы. 1992 жылдан ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің мұнай және газ Бас басқармасының бастығы. 1994 жылдан - «Қазмемжерқойнау» минералдық ресурстар Бас басқармасы бастығының орынбасары. 1998 жылдан - «Степной леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 2001 жылдан «Кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы. 2003 жылдан - «Центрконсалтинг» ЖШС директоры. 2004 жылдан бастап «АқАй Консалтинг» ЖШС бас директорының орынбасары. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.