Өмірзақ Пердебекұлы Мелдеханов 1953 жылы 20 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Философия ғылымының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі, Шымкент қаласының құрметті азаматы. Қазақ химия-технология институтын, Ташкент мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын «Шымкентқұрылыс» тресінен бастаған. 1989-1992 жылдары - «Шипагер» фирмасының президенті. 1992-1998 жылдары - «Қазфармбиоөнеркәсіп» мемлекеттік концерні, «Фармбиоөнеркәсіп» акционерлік қоғамы бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры. 1993-1996 жылдары - Шымкент химия-фармацевтика зауытының директоры. 1998-2000 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы. 2000 жылдан «Оңтүстікмаш-К» біріккен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қадағалау кеңесінің төрағасы болған. Қазір «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы. Бесінші шақырылған Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.
«Құрмет» орденімен, медальмен марапатталған.
Өмірзақ Пердебекұлы Мелдеханов
Последние статьи автора