Омархан Нұртайұлы Өксікбаев

Омархан Нұртайұлы Өксікбаев

 Омархан Нұртайұлы Өксікбаев 1954 жылы 22 желтоқсанда Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымының докторы. 1976-1977 жылдары ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды. 1977-1979 жылдары - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист. 1979-1984 жылдары - Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы. 1984-1992 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1992-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы. 1996 жылғы ақпан-сәуір айлары аралығында - ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы. 1996-1998 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі. 1998-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. 2000-2002 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары. 2002 жылғы ақпан айынан бастап - ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы. 2002 жылғы шілдеден 2003 жылғы маусымға дейін - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы. 2003-2012 жылдары - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы. 2012 жылғы 21 қыркүйек айынан бастап - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. «Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012) марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста