Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжан 1963 жылы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1986-1989 жылдары - Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары - Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы. 2010 жылғы ақпаннан бастап ҚР Жоғарғы сотының судьясы.