Нұржан Кемерұлы Әшімбетов
Нұржан Кемерұлы Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. Алматы мал дәрігерлік институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. 1993-1995 жылдары - Павлодар мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің маманы, бас маманы. 1995-1996 жылдары - «Carana» корпорациясының кеңесшісі. 1996-1997 жылдары - «Remek» консалтингтік фирмасының директоры. 1998-1999 жылдар - «Кемер» агрофирмасының директоры. 1999-2001 жылдары - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары. 2001-2006 жылдары - Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі. 2006 жылдан бастап Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болған. 2008 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2012 жылдың ақпанынан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары.