Нұрлыбек Төлебайұлы Малелов 1971 жылы 17 қыркүйекте Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді кентінде дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1995-1997 жылдары «Тұран Банк» валюта операцияларының маманы. 1997-1998 жылдары «БанкТұранАлем» ЖАҚ-ның Несиелендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бастығы. 1999-2002 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның бөлім бастығы. 2002-2004 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның филиал директорының орынбасары. 2004-2006 жылдары «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиалының директоры. 2006-2007 жылдары «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2007-2009 жылдары «ASTANA CAPIТAL Investment Group» инвестициялық компаниясының директоры. 2009 жылдан бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. 2011-2012 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасы. 2012 жылдың қазан айынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы.
Нұрлыбек Төлебайұлы Малелов
Последние статьи автора