Нұрлан Қалқа 1967 жылы 13 шілдеде Алматы облысы, Шелек ауданы, Масақ ауылында (Асы жайлауында) туған.
1984 жылы орта мектепті бітірген. 1984 — 1985 жылдары Ұзынбұлақ кең-шарының құры-лыс бөлімінде жұмыс істеген.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1990—1992 жылдары Алматы облыстық Жетісу газетінде тілші, 1992— 1997 жылдары республикалық «Жас алаш» газетінде тілші, бөлім редакторы 1997 — 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат құралдары департаментінде бас маман, 2001—2004 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің консультанты, Баспасөз қызметінің консультанты, 2004 — 2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Баспасөз қызметі жедел техникалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, 2007 — 2008 жылдары Қазақстан РеспубликасыПремьер-министрінің Баспасөз қызметінің Бас сарапшысы болып қызмет атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.
«Әке» атты тұңғыш өлеңі 1984 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде ба-сылған. «Біздің ауыл Ақкердің баурайында» (1996), «Халық құрметі» (2004), «Тау тұлғалы Темаға» (2004), «Райымбек» (2005), «Алматым жүрегімде» (2008) атты ұжымдық жи-нақтарға шығармалары енген. «Сейтек сарыны», «Астана», «Ырымдар және түс жору», «Астана — жыршуағы», «Балбөбекке бәсіре», «Елбасы мәртебесі — ел мәртебесі» атты кітаптардың қүрастырушысы.
1995 жылы Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауре-аты, 1999 жылы «Шабыт» фестивалінің дипломанты атанған. «Қазақстан Конституциясы-на 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Бірнеше мүшәйра-лар мен конкурстардың жүлдегері.
Нұрлан Қалқа
Последние статьи автора