Нүркен Әшімханұлы Өтеуілов
Нүркен Әшімханұлы Өтеуілов 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының актерлік факультетін бітірген, музыкалық драманың актері. «Бәйтерек» тобының әншісі.
1998 жылдан бері - Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актері. «Малиновкадағы той» (Қария), «Эй, молодожены!» (Қасым), «Қанды азу» (Бораш), «Қара Қыпшақ Қобланды» (Қараман), «Ана - Жер- Ана» (Бекташ), «Скапеннің айласы» (Скапен), «Үміт» (Замир), «Ромео мен Джульетта» (Бенволио), «Қымбатты Памела» (Сол Бозо), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Әбутәліп), «Еңлік - Кебек» (Көбей), «Қан мен тер» (Еламан), «Абай» (Абай) және т.б. спектакльдерде ойнаған. ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты.