Нұрғожа Ораз

 Нұрғожа Ораз 1932 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Урицкий ауданындағы «Маяк» кеңшарында туған. 1947 жылы туған ауылындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, Гурьев (Атырау) педучилищесін 1950 жылы тамамдаған. Мұнайлы жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім болған. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскен. Алғашқы топтамасы «Жас жүрек» (1956) атты жас ақындар жинағына енген. 1956-1958 жылдары мектепте ұстаздық еткен. 1958–1963 жылдары Қостанай облыстық газетінде, 1963-1965 жылдары «Тың өлкесі» газетінде қызмет еткен. 1965 жылы Целиноград облысаралық бөлімшесіне жауапты хатшы болып тағайындалған. Қазір «Жаңа Сарыарқа» журналының Бас редакторы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).
Топтама өлеңдері украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кім табады? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Достар хаты. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Шұғыла. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Тың түлегі. Өлеңдер. Поэма. А., «Жалын», 1977; Қырандар ұясы. Өлеңдер. Поэмалар. А., «Жалын», 1979; Жауқазын шақ. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дала демі. Очерктер. А., «Қайнар», 1981; Тың тынысы. Таңдамалы өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1982; Таңдау. Повестер. А., «Жалын», 1984.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста