Нұрғиса Мейрамбекұлы Елеубеков 1975 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматыдағы Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясын тәмамдаған. Фотоөнермен 5-сыныптан бастап айналысып келедi. Тұңғыш кәсiби фотосы 1996 жылы «Алматы ақшамы» газетiнде жарық көрдi. Нұрғиса «Ана тiлi», «Жас қазақ» апталығында, Дүниежүзi қазақтары қауымдастығында және сол жерден шығатын «Алтын бесiк» журналында, Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театрында жұмыс iстедi. Осы жұмыс барысында ол әлемнiң бiрқатар елдерiн (Түркия, Моңғолия, Швеция, Германия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстанның барлық қалаларын) аралады. Сонымен қатар ол «Сақшы», «Отан сақшысы», «Көзқарас» сияқты республикалық басылымдарда және «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» сияқты балалар мен жасөспірімдерге арналған газет-журналдарда штаттан тыс фототілші қызметтерін атқарды. Суреттерi әрдайым еліміздегі көптеген баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Қазiр «Қазақ әдебиетi» газетінде және «Алаш айнасы» республикалық коғамдық-саяси ақпараттық интернет порталында фототiлшi.
Нұрғиса Мейрамбекұлы Елеубеков
Последние статьи автора