Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров
Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров 1938 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспирантурасын тәмамдаған. Экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері.
1966-1987 жылдары Алматы халық шаруашылық институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры қызметтерін атқарған. 1987-1988 жылдары - Тәжік экономика және ауыл шаруашылығы басқару ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1992-1993 жылдары - Республикалық «Мемсәулетқұрылыс» басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтының ректоры. 1993-1994 жылдары - Алматы технологиялық институтының ректоры. 1994-2001 жылдары - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының ректоры. 2001-2005 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің ректоры болған.
«Парасат», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.