Нұрғали Қиябайұлы Мамытов
Нұрғали Қиябайұлы Мамытов 1958 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
Том мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 1982-1995 жылдары - Еврей АО Смидовияч ауданының прокуратура тергеушісі, прокурордың міндетін атқарушы. 1985-1992 жылдары - ҚР Бас прокуратурасында прокурор, аға прокурор. 1992-1993 жылдары - Алатау ауданының прокуроры. 1993-1996 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы бастығының міндетін атқарушы. Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының міндетін атқарушы. 1996-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары. 2001-2002 жылдары - ҚР Бас прокуратурасында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы. 2002-2004 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде консультант, қорғаныс және құқық тәртібі секторының меңгерушісі. 2004 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінде құқық қорғау және сот жүйесі бөлімінің мемлекеттік-құқықтық басқармасының құқық қорғау қызметі бөлімінің бас сарапшысы. 2009 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының заң бөлімінің бас консультанты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болды. Қазір Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары.