Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов 1965 жылы 31 қаңтарда Шымкент облысының Түркістан қаласында туған. Алматы шет тілдері институтын, Мәскеу қаласында БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық психология және менеджмент академиясының корреспондент-мүшесі.
1986-1987 жылдары - Түркістан қаласындағы №1 орта мектепте ағылшын пәнінің мұғалімі. 1987-1989 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Түркістан қалалық комитетінің хатшысы. 1989-1990 жылдары - Қазақстан ЛКЖО ОК жауапты ұйымдастырушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары - «Қазақинторг» РБ Мәскеудегі өкілдігінің сарапшысы. 1992-1993 жылдары - ҚР СІМ Хаттамалық-саяси бөлімінің үшінші хатшысы. 1993-1996 жылдары - ҚР Жоғарғы Кеңесі Парламентаралық байланыстар бөлімінде аға референт, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік делегациялар бөлімінде бірінші хатшы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік хаттама бас басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1997 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы. 1997-1998 жылдары - ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама басқвармасының бастығы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі хаттама-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан 2009 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІ, ІІІ және ІV шақырылымдарының депутаты. 2009-2010 жылдары - ҚР-ның Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2013 жылғы 15 сәуірден 2013 жылғы 8 қазанға дейін ҚР-ның Венгриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2013 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы, Бұрынғы Югославияның Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды
"Құрмет" орденімен, "Астана" (1998г ж.), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001г.), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005 ж.), "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" (2006 ж.) медальдарымен марапатталған.

Құрметті туған күн иелері Сіздерді басылым бетінде құттықтай отырып фотоларыңыз бен өмірбаяндарыңызды қоса жариялап отырмақпыз. Кейбір азаматтарымыз туралы деректерді табу қиындық туғызуда. Сіздерден өтінеріміз өздеріңіздің немесе дос-жаран, туған-туыстарыңыздың фотосы мен өмірбаянын (talgat_74@mail.ru) мына поштаға жолдаңыздар!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста