Нүкетай Мышбаева

Нүкетай Мышбаева

Нүкетай Мышбаева 1936 жылы 9 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданыңда (қазіргі Райымбек ауданы) дүниеге келді. Актриса, әнші (меццо-сопрано). Қазақстанның халық әртісі. (1991). 1959 ж. Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін бітірген. 1960 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов, “Беу, қыздар-ай” ), Айбала (Ә.Тәжібаев, “Той боларда” ), Марфуға ( Қ.Мұхамеджанов, “Құдағи келіпті” ), т.б. рөлдерді сомдап, өнер жолын комедиялық бейнелерді жасаудан бастаған жас актриса Әлиман (Ш.Айтматов, “Ана-Жер ана” ), Майра (Ә.Тәжібаев, “Майра” ) рөлдерін орындап, өзінің драммалық, трагедиялық, әншілік қасиеттерімен көпшілікке танылды. Ақбала (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер” ), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар көсе” ), Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Абай”, “Қаракөз”), Бекей (Айтматов, “Ақ кеме” ), Ғалия (Т.Ахтанов, “Күтпеген кездесу” ), Ажар ( С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” ), Хатшы әйел, Ұрқия (А.Сүлейменов, “Төрт тақта – жайнамаз”, “Қыздай жесір – штат қысқарту”), т.б. рөлдері Нүкетай Мышбаеваның ғана емес, қазақ ұлттық сахна өнерінің өсіп-ілгерілеу жолындағы елеулі кезеңдер. 1976 жылдан киноға түскен, көп бөлімді “Қымызхана” телеспектаклінде Теңгетай рөлін, сондай-ақ халық әндері мен осы заман композиторлары әндерінің орындаушысы ретінде танымал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста