Назарбек Есіркепұлы Бейсен 1961 жылғы 16 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтын «уролог-дәрігер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы (экономика және бизнес) аяқтаған.
Еңбек жолын Тараз қаласындағы медициналық ұйымдарда дәрігер болып бастаған. 1996 жылдан 1999 жылға дейін - Тараз қаласының № 2 қалалық аурухансы уронефрология бөлімінің меңгерушісі. 1999–2006 жылдары - уролог-дәрігер, одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының уронефрология бөлімшесінің меңгерушісі. 2006 жылдан 2009 жылға дейін - Алматы қаласының № 1 Орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері. 2009 жылдан 2010 жылға дейін - Астана қаласының Салынып жатқан денсаулық сақтау объектілері дирекциясы Бас директорының кеңесшісі, ҚР ДМ Стртегиялық даму департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет төлемдері комитетінің орынбасары. 2010 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің төрағасы. 2012 жылғы ақпаннан - «СК-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы, Медицина ғылымдарының кандидаты.
Сіңірген еңбегі үшін ҚР Президентінің Алғысымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, ҚР Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасымен, «Астананың 10 жылдығы», «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Назарбек Есіркепұлы Бейсен
Последние статьи автора