Мұхтар Танатұлы Бейсембаев 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, 2003 жылы Алматы экономика университетін қаржыгер және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы ішкі істер органдарында тергеуші, тергеу қызметінің басшысы, содан кейін Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеуден бастаған. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ауыстырылды, онда ол 2002 жылға дейін жұмыс істеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 2003 жылғы тамыздан бастап 2004 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттікте Агенттіктің Басқарма бастығы мен Төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап 2006 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылғы 27 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы.
Мұхтар Танатұлы Бейсембаев
Последние статьи автора