Mұxтap Әкебайұлы Жөргенбаев
Mұxтap Әкебайұлы Жөргенбаев 1955 жылы 1 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылында дүниеге келген.
1972 жылы мектепті аяқтағаннан кейін Алматы облысы Кеген ауданының Қарқара совхозында жұмысшы болып еңбек етті. 1974-1976 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарды.
1976 жылы әскерден оралғаннан соң Е. Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті атанды.
1981 жылы Гурьев қаласының прокуратурасында тағылымдамашы болып қызмет етті. Сосын Гурьев облысы Махамбет ауданы прокуратурасының теpгeyшici болды.
Он бес жыл бойы – 1981 жылдан 1996 жылға дейін бір өңірде – Атырау облысында мінсіз қызмет етті. Облыс прокурорының көмекшісі, Гурьев қаласы және облыс прокуратурасының аға тepreyшici, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, Гурьев каласы прокурорының орынбасары, Гурьев облысы Балықшы ауданының прокуроры, Атырау қаласының прокуроры.
1996 жылдан бастап ол Талғар ауданының прокуроры, ал бip жылдан кейін – Алматы облысы прокурорының бipiнші орынбасары қызметін атқарды.
М. Жөргенбаев 1999 жылдан бастап Атырау облысының прокуроры, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, ал 2006 жылы Алматы облысының прокуроры қызметін атқарды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен М.Жөргенбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды. 2010 жылдың маусымынан Астана қаласының прокуроры.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталды.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ, «Прокуратураның құрметті қызметкepi» атағын иеленді. Ал Мұхтар Әкебайұлының заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне қосқан еңбегіне риза болған жерлестері оған «Алматы облысы Райымбек ауданының құрметті азаматы» атағын берді.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңecшici М.Жөргенбаев - «Атырау арғымақтары», «Заңға құрмет, әлеуметке әділет», «Табиғатты қорғау заңнамасының мәселелері» атты кітаптардың авторы.
Зайыбы - Күнсұлу Жұмаққызы мамандығы бойынша заңгер.
Қыздары Әсел мен Әсемді және ұлы Асылбекті өcipreн. Бүгінде немерелері Алан мен Еленді тәрбиелеуде.